Өлең: Мағжан Жұмабаев (Екі бетің сұлу қыз)

(Гейнеден)
Екі бетің, сұлу қыз,
Розадай ойнап, жанып тұр.
Жас жүрегің бірақ мұз,
Жүрегімді қарып тұр.
Мұның бәрі өзгерер,
Көрерсің әлі-ақ, сұлу қыз,
Жүрегіңе жаз келер,
Екі бетте орнар қыс
Екі бетің, сұлу қыз,
Розадай ойнап, жанып тұр.
Жас жүрегің бірақ мұз,
Жүрегімді қарып тұр.
Мұның бәрі өзгерер,
Көрерсің әлі-ақ, сұлу қыз,
Жүрегіңе жаз келер,
Екі бетте орнар қыс
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: