Өлең: Мағжан Жұмабаев (Арабтан)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Арабтан)

Қаһармен қарғып, шапшып, ақырып ұмтылған,
Арыстанға қарсы шапқан ерлерің -
Барқылдаған бір төбеттен қаймығып,
Қалайша іздер таса, сая жерлерін?!
Жазғытұрым көл боп жауған жаңбырың
Жомарт ердің бергеніне жете алмас:
Қапшық-қапшық алтын-күміс ер берер,
Тамшылаудан жаңбыр асып кете алмас.
Тамаша-ау жазғытұрым жеткенінде,
Көк жылап, мазақ қып жер күлгеніндей.
Жайнаған жердің жүзі алтын-күміс,
Сақтық қып ерте Тәңірі көмгеніндей.
Сопысынба, қара жүрек бол да қал,
Тізе көрсең қара жүрек адамнан!
Көп наданның мәжілісіне кез келсең,
Білем деме, болып көріп наданнан!
Басқа келген қорлыққа
Жалғанда жан шыдамас.
Шыдап тұру зорлыққа
Арлы жанға ұнамас!
Қу қазықты жаны жоқ
Алмасак егер есепке,
Қорлыққа, намыс-ары жоқ,
Шыдайтын жалғыз есек те.
Сендей сұлу тірі жан
Көргенім жоқ жалғанда,
Сендей бала таба алмай,
Талай ана арманда!
Кемшіліксіз сын-сымбат,
Көп артықсың хордан да.
Жаратылдың еркіңмен,
Еркіңе Құдай салған да!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Арабтан өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери, магжан жумабаев стихи на казахском, Арабтан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]