Өлең: Қадыр Мырза Али (Ерлі-зайыпты қазақтар)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ерлі-зайыпты қазақтар)

Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Сүйе тұра,
Бірін-бірі жүр қажап.
Қанша жақсы көрсе-дағы әйелін
Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Ақ матаға қай бояу да жұғады,
Жұққаны үшін кінәлі боп шығады.
Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді,
Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады.
Ел жыртығын ақылмен ер жамаған.
Ал долы әйел қай кезде де қабаған.
Соның өзін
"Ойбайлатып"
Бабамыз
Үстеріне тон кигізіп "сабаған".
Қайткенде де
"Әй!" дегеннен үрікпе.
Жар қолында қай кезде де шүріппе.
Күйеуіне істетеді дегенін,
"Зардап шегіп",
"Таяғын жеп" жүріп те!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Ерлі-зайыпты қазақтар өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Ерлі-зайыпты қазақтар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]