Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Әйелі Әпішке айтқаны)

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Әйелі Әпішке айтқаны)

Үш жүзге бойың жеткен биік аршын,
Үш жүзден таңдап алған ғашық жарсың.
Именбей ақ төсіңнен аймалатшы,
Иіскеп шыбын жаным сая тапсын.
Жайлауы еліміздің — мидай дала,
Түріндей масатының күрең ала.
Ел кезіп, өз үйіме оралғанда,
Мұңдасым, көңіл ашар Әпіш қана.
Жылама енді, анасы, сен де бекер,
Біржанға уақыт жетті алыс кетер.
Артымда жастай қалған құлындарым,
Тірлікте әлі-ақ бір күн, өсіп жетер
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
биржан сал біржан сал Әйелі Әпішке айтқаны өлең олен стихи, біржан сал өлеңдері, биржан сал олендери казакша, біржан сал қожағұлұлы өлеңдері, біржан сал қожағұлұлы өлеңі, Әйелі Әпішке айтқаны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]