Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Ақжорғажан)

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Ақжорғажан)

Басына кәмшат бөрік қиғашырақ,
Қыз сапы бас болғанда, біз — шам-шырақ.
Ала үйрек, алма мойын перизатым,
Болмаппын сізбен таныс бұрынырақ.

Қайырмасы:
Ақжорғажан, Ақжорғажан,
Жігітке қыз сыйласа-ай-ау болмайды арман

Мінгенім дәйім менің Сұрқызылтай-ай,
Көңілім сізді көріп бір бұзылды-ай.
Көзіме әйбаттанып көрінесің,
Бейіште сегіз сарай хор қызындай.

Серінің серменуге көңілі ауды,
Ойландым бастайын деп бір хиялды.
Түсті ғой, жолдастарым, сәуле еске,
Ап келші қамыс құлақ Бозқоянды.

ІІ ТҮРI
Боз үйден таң алдында шығар күйеу,
Артынан жары қарар бетін басып.
Келгенше енді айналып кім бар, кім жоқ,
Қарағым, бір сүйгізші, аха-хай-ау,— аузыңды ашып, ей-ау
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
биржан сал біржан сал Ақжорғажан өлең олен стихи, біржан сал өлеңдері, биржан сал олендери казакша, біржан сал қожағұлұлы өлеңдері, біржан сал қожағұлұлы өлеңі, Ақжорғажан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]