Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Он екі звод)

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Он екі звод)

Қapa нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң,
Бірге өскен кішкенеден қалқатайым,
Жүремін кіммен ойнап сен кеткен соң.

Қайырмасы:
Беу, өттің дәурен,
Өттің сайран,
Жігіттік дағуасына қалдым қайран.

Шалшық су құдық болмас қазбаған соң,
Сабырдан ат өте алмас саздаған соң.
Жете алмай мұрадыма болдым ғарып,
Әуелде тағдыр өзі жазбаған соң.

Қайырмасы:
Беу, өттің дәурен,
Өттің сайран,
Жігіттік дағуасына қалдым қайран.

Қазғанмен су шықпайды тау басынан,
Бір лексе сөз кетпейді сау басыңнан.
Ер жігіт бір қисайса түзелмейді,
Әуелде жаңылған соң тәубәсінан
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
биржан сал біржан сал Он екі звод өлең олен стихи, біржан сал өлеңдері, биржан сал олендери казакша, біржан сал қожағұлұлы өлеңдері, біржан сал қожағұлұлы өлеңі, Он екі звод

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]