Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Сырғақты)
Ақ тұйғын құс, қолымда сырғақты ма?
Басып-басып алайын ырғақтыма,
Бозбала, саған айтар өсиетім:
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
Жанып тұрған жас өмір ал қызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл.
Жауқазын желбіреген жастық шақта,
Өмірдің мағынасына түсіне біл
Басып-басып алайын ырғақтыма,
Бозбала, саған айтар өсиетім:
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
Жанып тұрған жас өмір ал қызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл.
Жауқазын желбіреген жастық шақта,
Өмірдің мағынасына түсіне біл
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: