Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Телқоңыр)

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Телқоңыр)

I ТҮРI
Телқоңыр қайтып кетті елге таман
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан аман-есен бара қалсаң,
Сәлемді үш қайтара айттым саған.
Жүгіріп жалаң аяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған мойның бұрма.
Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,
Салсайшы өзімдей қып «Телқоңырға!»

II ТҮРI
Жүйрік ат, қыран бүркіт, қазан атым,
Құлақ сал «Телқоңырға», азаматым!
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Тез жеткіз Телқоңырдың аманатын.
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман.
Қалқаға үш қайтара айттым сәлем,
Ит-құстан бара қалса есен-аман.

ІІI TYPI
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан барса жақсы есен-аман,
Дау-жанжал бүліншілік елім жаман.
Жібердім Телқоңырды елге бар деп,
Жүруге бұл өлкеде жолың тар деп.
Жаныма бағалаған жануарым,
Шығардым осы әнімді саған арнап.

IV TҮРI
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан қалса егер есен-аман,
Қалқаға үш қайтара-ау, шіркін, айттым сәлем.
Жүгіртіп жалаң аяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған, шіркін, мойның бұрмай
Басқаға жолда тұрған мойның бұрсаң,
Біржанды зар қыларсың «Телқоңырға»
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
биржан сал біржан сал Телқоңыр өлең олен стихи, біржан сал өлеңдері, биржан сал олендери казакша, біржан сал қожағұлұлы өлеңдері, біржан сал қожағұлұлы өлеңі, Телқоңыр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]