Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Махаббат деген - ақырет)
Махаббат деген - ақырет,
Тыңдата ма, бірақ, қыз.
Бәйгеден жүрек аты кеп,
Қызығын көрдік бір - ақ күз.
Мен өкінбей қайтейін...
Жүректі қайғы даты жеп,
Қапаста қалдым шырақсыз.
Қас пен көздей жақын ек,
Жер мен көктей жырақпыз.
Мен өкінбей қайтейтін
Тыңдата ма, бірақ, қыз.
Бәйгеден жүрек аты кеп,
Қызығын көрдік бір - ақ күз.
Мен өкінбей қайтейін...
Жүректі қайғы даты жеп,
Қапаста қалдым шырақсыз.
Қас пен көздей жақын ек,
Жер мен көктей жырақпыз.
Мен өкінбей қайтейтін
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: