Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Бұл заман бұл шаңыраққа неге өш болды)
Бұл заман бұл шаңыраққа неге өш болды,
Ындыны толмайтын бір өңеш болды.
Отыз жыл ойрандалып келген ордам
Оңалып кете алмайтын емес болды,
Обыр жыл аударыпты атамды аттан,
Қан қасап қақ кеудеден әкемді атқан,
Қытайдың қылғып салар бір шабағын
Жасамақ жауыз сұмдар мен ақымақтан.
Желбеңдеп жел өтінде нем бар еді,
Өжеңдеп өсиетіме кім зар еді?
Қырқылып қылтасынан келген тұқым
Жер басып жүргеніме ділгәр еді...
Зар илеп ел шетінде шешем қалды,
Еңіреп екі бірдей бөпем қалды.
Қажаған қағаз, қалам қай саппастың
Мен талап алдым екен мүкәммалын?
Қиқұлап қисыны жоқ мақтан қуған,
Есердің мен қайсысын тақтан қуғам?
Аузымнан жаздым ба әлде, айтпай кетіп
Шатпағын бір дөкейдің шатқан - буған?
Білмедім бұл жаланың түбі қайдан, -
Қуалап тықпақ жері қызыл ойран.
Жер қазып, ой сапырып, жете алмадым,
Тоқтайын медет сұрап бір құдайдан
Ындыны толмайтын бір өңеш болды.
Отыз жыл ойрандалып келген ордам
Оңалып кете алмайтын емес болды,
Обыр жыл аударыпты атамды аттан,
Қан қасап қақ кеудеден әкемді атқан,
Қытайдың қылғып салар бір шабағын
Жасамақ жауыз сұмдар мен ақымақтан.
Желбеңдеп жел өтінде нем бар еді,
Өжеңдеп өсиетіме кім зар еді?
Қырқылып қылтасынан келген тұқым
Жер басып жүргеніме ділгәр еді...
Зар илеп ел шетінде шешем қалды,
Еңіреп екі бірдей бөпем қалды.
Қажаған қағаз, қалам қай саппастың
Мен талап алдым екен мүкәммалын?
Қиқұлап қисыны жоқ мақтан қуған,
Есердің мен қайсысын тақтан қуғам?
Аузымнан жаздым ба әлде, айтпай кетіп
Шатпағын бір дөкейдің шатқан - буған?
Білмедім бұл жаланың түбі қайдан, -
Қуалап тықпақ жері қызыл ойран.
Жер қазып, ой сапырып, жете алмадым,
Тоқтайын медет сұрап бір құдайдан
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: