Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Тағдыр мынау жемістің)
![Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Тағдыр мынау жемістің)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2019-05/1558417447_abish_kekilbayev_with_book.jpg)
Тағдыр мынау жемістің
Қайсысын маған арнаған:
Анасы - ару келісті,
Қызы да одан қалмаған.
Анасына ауса ынтам,
Кербез көрік мас қылып.
Балбырай піскен балғын тән,
Тамсантады жас қылық.
Көңілге түсті қайғы шын:
Есектен жоқ айырмам,
Қос маяның қайсысын
Тапарын білмей аңырған
Қайсысын маған арнаған:
Анасы - ару келісті,
Қызы да одан қалмаған.
Анасына ауса ынтам,
Кербез көрік мас қылып.
Балбырай піскен балғын тән,
Тамсантады жас қылық.
Көңілге түсті қайғы шын:
Есектен жоқ айырмам,
Қос маяның қайсысын
Тапарын білмей аңырған
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: