Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Әйел күлкісі)

Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Әйел күлкісі)

Анау бір кезде келіндер
Көрпесін жаңғыз жамылған.
Өрт қойнына еніп жер,
Жастықтар жасқа малынған,
Жоғалтып сан түн тағатын,
Талай әйел жылады.
Қос жанардан ағатын
Қасіреттің бұлағы.
Сол жылдар әлі жадымда,
Сонда үйренгем өз басым
Батырдың пәк қанындай
Қадірлеп әйел көз жасын.
Әйел күлсе ұғамын,
Жарқылдап жүр деп аналар.
Жамылмай ажал тұманын
Есен - сау жүр деп ағалар.
Құлпырып тұр деп гүл шығып,
Сабағынан үзілмей.
Әсемдеп мынау тіршілік
Әйелдің күлген жүзіндей
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбіш кекілбаев Әйел күлкісі өлең стихи на казахском абиш кекилбаев олен казакша, әбіш кекілбаев өлеңдері, абиш кекилбаев олендери, абиш кекилбаев стихи на казахском, Әйел күлкісі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]