Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Шағала)

Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Шағала)

Көк толқын көк айдында кілкіп, қалқып,
Қайықты мазалайды түртіп, тарпып.
Сүйкеніп жөңкіп кейін шегінеді
Жағаның жағасынан сілкіп, тартып.
Өзді-өзі кейде күшін байқасады,
Бұқадай буырқанып шайқасады.
Өкіріп, өршеленіп сүзіссе де,
Жеңілсе, жентектеліп жай қашады.
Көк толқын айбат шегіп, иықтасып,
Үркеді жағалаудан тиіп қашып.
Шошынып бұрқылдаған тентегіңнен
Қыран да қалықтайды биікке асып.
Бұрқанған билей алмай өзін-өзі
Теңізден бәрі шошып безінеді.
Сескенбей шарықтайды тек шағала
Айдынды өз үйіндей сезінеді
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбіш кекілбаев Шағала өлең стихи на казахском абиш кекилбаев олен казакша, әбіш кекілбаев өлеңдері, абиш кекилбаев олендери, абиш кекилбаев стихи на казахском, Шағала

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]