Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары)

Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары)

Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары,
Бір ғажап от лапылдатып барады.
Шұғыласы алаулаған жалынның
Албыраған екі бетке тарады.
Сонда жігіт сүйінді:
- Кім тапты екен сүюді?!
Білсем, іздеп барар ем,
Тәңіріге санар ем!
Енді бірде момақансып жанары,
Қабағынан қар жауды да түксиді.
Жүрегінің жалындаған алауы
Баяғыдай лапылдамай бықсиды.
Сонда жігіт күйінді:
- Кім тапты екен сүюді?
Білсем, іздеп барар ем,
Басын шауып алар ем?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбіш кекілбаев Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары өлең стихи на казахском абиш кекилбаев олен казакша, әбіш кекілбаев өлеңдері, абиш кекилбаев олендери, абиш кекилбаев стихи на казахском, Бозбаланың жарқ - жұрқ етіп жанары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]