Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Төзім жыры)

Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Төзім жыры)

Бүтіннің бәрі тесіліп,
Тесіктің бәрі көміліп,
Бойшаңның бәрі кесіліп,
Толының бәрі төгіліп,
Төгінділер шашылып,
Кесінділер мүжіліп,
Шашынды шаң боп таусылып,
Мүжінді күл боп үгіліп,
Шаң шашырап бозаң боп,
Күл шашылып тозаң боп,
Тұтастар түгел тұтылып,
Толылар тегіс жұтылып,
Айлалылар ұтылып,
Айбарлылар мытылып,
Майса толып шалғын боп,
Майда бойлап балғын боп,
Қайтқанша кеткен қапылар,
Ес жиғанша жабылар,
Көгере қоймас көсеге,
Түзеле қоймас пешене,
Ортая берер бұл тірлік,
Орнай қоймас бүтіндік,
Жел желігіп, бұлт бүркіп,
Желпілдей берер бұл түндік.
Желкелей берер бұл заман,
Жетелей берер шырғалаң.
Шытырман болар сыбағаң,
Шығады аман шыдаған.
Төзімнен басқа жоқ шараң,
Өзіңнен басқа жоқ панаң.
Қолтыққа су бүріккен,
Тақымға ине жүгірткен
Елбендерге елікпе,
Желбендерге желікпе
Түспейін десең өртке.
Бөрлікпе де, бөрітпе,
Тұрғанда соңғы сынақ қап,
Шыдап бақ, қазақ, шыдап бақ!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбіш кекілбаев Төзім жыры өлең стихи на казахском абиш кекилбаев олен казакша, әбіш кекілбаев өлеңдері, абиш кекилбаев олендери, абиш кекилбаев стихи на казахском, Төзім жыры

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]