Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Кісі мен көлеңке)
Айтайын бір тентектің әңгімесін,
Демендер:
«Сөз ғып жазған мұның несін?»
Есі ауыс көре салып, қуалады
Өзінің ұстаймын деп көлеңкесін.
Бұл қуса, көлеңкесі алыстады,
Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.
Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,
Болғанша бар өнерін қарыштады.
Тентектің бір мезгілде кірді есі:
«Әуре боп қуып, маған қажет несі?»
Осылай ойлап, қайта жүріп еді,
Артынан қуды енді көлеңкесі.
* * *
Кейбіреу Қыдыр дарып, қараса бақ,
Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.
Қайрылмай, қарағанда, бақ-дәулетке,
Артынан қуалайды қайтарып ап
Демендер:
«Сөз ғып жазған мұның несін?»
Есі ауыс көре салып, қуалады
Өзінің ұстаймын деп көлеңкесін.
Бұл қуса, көлеңкесі алыстады,
Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.
Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,
Болғанша бар өнерін қарыштады.
Тентектің бір мезгілде кірді есі:
«Әуре боп қуып, маған қажет несі?»
Осылай ойлап, қайта жүріп еді,
Артынан қуды енді көлеңкесі.
* * *
Кейбіреу Қыдыр дарып, қараса бақ,
Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.
Қайрылмай, қарағанда, бақ-дәулетке,
Артынан қуалайды қайтарып ап
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Көлеңке театрын қалай жасайды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көлеңке театрын қалай жасайды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қазақ салты)
» Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Арыстан киік һәм түлкі)
» Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Айна мен маймыл)

Іздеп көріңіз: