Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Кісі мен көлеңке)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Кісі мен көлеңке)

Айтайын бір тентектің әңгімесін,
Демендер:
«Сөз ғып жазған мұның несін?»
Есі ауыс көре салып, қуалады
Өзінің ұстаймын деп көлеңкесін.
Бұл қуса, көлеңкесі алыстады,
Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.
Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,
Болғанша бар өнерін қарыштады.
Тентектің бір мезгілде кірді есі:
«Әуре боп қуып, маған қажет несі?»
Осылай ойлап, қайта жүріп еді,
Артынан қуды енді көлеңкесі.

* * *
Кейбіреу Қыдыр дарып, қараса бақ,
Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.
Қайрылмай, қарағанда, бақ-дәулетке,
Артынан қуалайды қайтарып ап
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ахмет байтұрсынұлы Кісі мен көлеңке өлең ахмет байтурсынов олен, ахмет байтұрсынұлы өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском, ахмет байтурсынов олендери, Кісі мен көлеңке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]