Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ақ үй туралы аңыз)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ақ үй туралы аңыз)

− «Абылайдың ақ үйі» - дейсің бе, сен?
− Енді көріп, еркін ғой - менсінбесең!
Қызылжардың бастағы тәжіндей боп,
Сол түсетін есіңе Есіл - десең.
− Әне, келдік!
− Бәрекелді!!.
− Заманында, дегенмен үй-ақ екен!
− Дәл Есілге еңкейер қияда екен,
Қазір өзен шегініп, алыс аунап,
Көшіп кеткен көршідей сияғы екен.
− Ым... м...
...Болды ма екен Абылай, болмады ма,
Көрді ме екен иесін орда мына?!
Кәрі мекен мелшиіп үн қатпайды,
Ешкім білгіш көрінбейді ол жағына!
Екі ғасыр ішінде, одан да әрі,
Бәрі жұмбақ - не болып, не қойғаны.
Бәлкім, мұнда мүнәжәт еткен шығар
Талай биі қазақтың, талай ханы?
Әлі күнге бір сұрақ, - мен аңғарман,
Сұрап келем ақылды адамдардан,
Өзге жұрттың хандары керемет боп,
Біздің хандар қалайша жаман болған?
Әлде бассыз, түп-түгел данышпан боп,
Бәрі қасқыр, бәрі де арыстан боп,
Атпен, атақ, даңқты оқшауланбай,
Келген шығар оп-ортақ алысқан боп?
Тағы да үн жоқ, ақ сарай үндемейді,
Үндемей-ақ қойсын ол мүлде мейлі.
Аталғаны «Абылайдың ақ үйі» - деп,
Үні ғой сол - күндеме, күнде мейлі.
− Патша ағзам - сыйлапты дейді аңызда!
− Кім сыйласа бәрі бір - енші маған,
(Бұл сөзімді жақтырмас ерсі надан).
Кім де болса - топырақты басып тұрып,
Ел ағасын сыйласа - ел сыйлаған.
Күнде сүйген ұрпағы жылап тасын,
Тек атамның моласын құлатпасын.
Сарай салса несі айып көк
Есілден Туған жердің көтеріп мың ақтасын?!
Біз құрылысқа құштармыз - үй саламыз,
Күнде қала орнату - ой-санамыз,
Бізге ұнайды ескі аман аппақ үйлер,
Аппақ үйлер туралы айтқан аңыз
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Ақ үй туралы аңыз өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Ақ үй туралы аңыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]