Өлең: Ғафу Қайырбеков (Қалбаның бір қабаты)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Қалбаның бір қабаты)

Қалбаның бір қабаты сонау сілем,
Кей-кейде арасында айғай-сүрең.
Алтайдың аюлары еріккенде
Ойнайды тас лақтырып жолаушымен.
Кем соқпас көздегенде мергеніңнен,
Зілдей тас түскен бойда жерге кірген.
Көрмей-ақ, естігенде жан шошиды
Олардың осы қалжың-ермегінен.
Ақырып тауды сілкіп арылдасып,
Сояудай тістерінен жалын шашып.
Кеміріп қарағайды кесіп - турап,
Алады тұмсық бұзып мауқын басып.
Сөз емес қия шатқал, қиын торап,
Дегендей менің пайдам - сиым сол-ақ,
Кей-кейде етекке кеп, өзі жоқта
Кетеді орманшының үйін тонап.
О-дағы сүйкімді бір ақымақтық,
Онысы кір келтірмес атына түк.
Осылай ордандасып ойнайды олар
Қалбаның қабырғасын қақыратып.
Алыстан не оқасы бар тыңдағанға,
Етпейсің шыдамсыздық шындағы аңға.
Алтайда міз бақпайды, мыңқ етпейді,
Лұқсатсыз тентектері шулағанға
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Қалбаның бір қабаты өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Қалбаның бір қабаты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]