Өлең: Ғафу Қайырбеков (Батар күннің тауда қалып)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Батар күннің тауда қалып)

Батар күннің тауда қалып сирағы,
Cay денесі сай ішінде қирады.
Анау жақтан аю бұлттар шыға кеп,
Күннің алтын сынықтарын жинады.
Жинады да бері қарай жөңкілді,
Пұшпақтары өртке күйген секілді.
Бұлтты мазақ, күнді аза тұтқандай
Теңіз жақтан өгіз баржа өкірді.
Ақ сәулені алдына сап түн-жігіт,
Лақтырмақшы теңізге әкеп күлдіріп.
Сол үміттен жылығандай су іші,
Ыстық бір леп көк қойнауға тұр кіріп.
Сағада ойнап, салады ойнақ балықтар,
«Сен де мені қуып жет те, алып қал!» -
Дейді ақ шабақ, асау шортан қуады,
Толқынынан дірілдейді қайықтар.
Жер ошақтан қызыл шоқтар ұшады,
Қара қазан күрең жалын құшады.
Қайран бойың дір етеді сонда бір
Әлде кімнің арбап ыстық құшағы.
Ал алыста маяк самсап жағылып,
Мүлгиді аймақ тыныштыққа табынып,
«Пенде шіркін, мен де шіркін» - дегендей
Қалғиды Алтай қамқа тонын жамылып
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Батар күннің тауда қалып өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Батар күннің тауда қалып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]