Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ағамыз жатқан ақ отау)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ағамыз жатқан ақ отау)

Ағамыз жатқан ақ отау
Көгілдір теңіз басында.
Жағалай орман, жасыл тау –
Қасиеттің бәрі қасында.
Құлаққа ұрған танадай,
Айнала аппақ тыныштық.
Қылығы тәтті баладай
Сәскеде болар күн ыстық.
Сол кезде қымыз толтырған
Сарқып бір тастап шараны,
Жарқырап жалан балтырлар
Теңізге түсіп барады...
Күмп берсе сонда шіркіндер,
Аспанға көбік асылар.
Рақаттың даусы – күлкілер
Сыңғырап суда шашылар.
Көңілдің мың-мың хошы кеп,
Қанағат қанға тарайды.
«Адамдар деген осы!» - деп,
Есіркеп Алтай қарайды
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Ағамыз жатқан ақ отау өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Ағамыз жатқан ақ отау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]