Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ғабит Мүсіреповке)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ғабит Мүсіреповке)

Ардағым Алтай - даламның асқақ төрі екен,
Таудың да тарлан таланттысы екен, сері екен.
Тау емес мынау кілең бір алтын баспалдақ,
Алланың өзі аспаннан түсер жері екен.
Төменде біздер бөркіміз бастан сырғанап,
Қағамыз таңдай бір емес оған мың қарап.
Керіледі Алтай керемет көркін көзге әкеп,
Сыбырлап ерні - рақат, қызық мұндалап.
Жолдарын жібек белбеудей бейне бос тастап,
Қалбаның тауы қарсы алып бізді қош-қоштап,
Сібенің көлі сілтейді жеңді теңізге,
Ол өзі содан ажырап қалған досқа ұқсап.
Жағалай таулар біріне-бірі сүйкенген,
Бір бірін қолдап биікке қарай итерген.
Солардың сонау арғы да арғы басында
Атақты теңіз - Бұқтарма жатыр бұлт емген.
Келеміз соған қақ жарып аппақ тұманды,
Қандырып тастап құмардан қызық құмарды,
Көкірек шіркін күмбезді бейне кең сарай,
Шырқайды көңіл бір әннен кейін бір өнді.
Пай-пай-пай! Міне, айтулы сабаз көкмұнар,
− Ал енді мұның алды-арты мүлде жоқ шығар!
Аңқылдақ ақын қуанар қолын шапақтап,
Жаңғыртып тауды күледі оған жолшылар.
Бұқтарма теңіз - адамның қолы жасаған!
Сеніп көр кәне, мынаған қарап ал соған,
Мың - мыңдар ғасыр осылай тұрған секілді,
Жүздеген таулар қолпаштап оны қоршаған.
Тек шофер ғана жас жігіт анау Аймаған,
Теңізге шапшаң көңілі көне қоймаған.
Ол осы дария - телегей судың астында
Домалақ күйі доп қуып талай ойнаған.
Балалық жұрты, жігіттік аулы сонда қап,
Шыланып кірпік - азырақ толқып толғанад,
− Ничего! - дейді көңілді біздің жолбасшы,
Түсеміз жүйткіп ылдиға төмен сорғалап
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Ғабит Мүсіреповке өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Ғабит Мүсіреповке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]