Өлең: Ғафу Қайырбеков (Арасанның иесі - Сарбас жылан)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Арасанның иесі - Сарбас жылан)

«Арасанның иесі - Сарбас жылан», –
Естігенде осыны қалмас шыдам,
Қан салқындап, жүрегің баяу соғып,
Деп тұрғандай миың да:
«ал, қаш, бұдан!».
Шипалы су шыққалы осы маңнан,
Сарбас жылан сол жерге көшіп алған.
«Садақаны көп берсе сауықтырып,
Сараңдардан қақсатып өшін алған».
Көп заманға осы аңыз кеткен тарап,
Әлі күнге шалдар бар күткен қарап,
Сарбас жылан бірақта оралмаған,
Әкеткелі бір сотқар шекпенге орап.
Бар жақсының қашанда ел иесі, –
Елге ғана бұйыру ер үлесі.
Болған оның әмәнда, болады да
Әзі ардақтап табынар әулиесі.
Сол әулие кеткесін, ырыс қашпақ,
Көрінген жын иектер жұртты ластап.
Иесіз де киесіз ел болмайды –
Жүру керек тек соны дұрыс бастап
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Арасанның иесі - Сарбас жылан өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Арасанның иесі - Сарбас жылан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]