Өлең: Ғафу Қайырбеков («Тышқан көз» деген)

Өлең: Ғафу Қайырбеков («Тышқан көз» деген)

«Тышқан көз» деген бұлақ ол,
Тәтті де суы шекерден.
Қандырып сусын, шығады ол
Шілдеде шып-шып шекеңнен.
Балауса шөпті жапырып,
Балалар бақа қуады.
Ақ көбік сабын сапырып,
Аналар кір-қоң жуады.
Іргені түріп, самалдап,
Көлеңке басын келтіріп,
Алдында қымыз «ал, ал!» - деп,
Ақындар жатар лепіріп.
Ac үйде анау келіншек
Көтеріп аппақ шараны,
Көзге бір жайнап көрінсе,
Көңілің ойнақ салады.
Сабаз-ай десей, сайран күн,
Сен ұмыт болар ма екенсің?
Соңымнан тауы Баянның
Телміріп қарар ма екенсің?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков «Тышқан көз» деген өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, «Тышқан көз» деген

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]