Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Ақын ініме)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Ақын ініме)

Азырақ құлағын сал, ақын інім,
Ойымыз, рухымыз жақын, інім.
«Ағалық правосын қолыма алып,
Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!

«Өзімді ағаңмын»,— деп үлкейтемін,
Онымды көремісің мақұл, інім.
Адасқан ағаңыздың жері болса,
Тілеймін ете гөр деп ғапу, інім.

Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың,
Күресте кім кетпейді ғапыл, інім.
Ат қойған аз-көбіне қарамастан,
Ақылға біздер жарлы пақыр, інім.

Доңыздай талғамай жеп семіргендер,
Саналып ақылдыға жатыр, інім.
Сүйікті милләтіңе болам десең,
Нашардың көбірек же хақын, інім.

Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,
Айғырсып момындарға ақыр, інім.
Білімді ел ішінде болам десең,
Шешенсіп, жоқты сөйлеп лапыр, інім.

Қолыңнан мұның бірі келмес болса,
Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім.
Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,
Ет асып табақ-табақ шақыр, інім.

Аузымен орақ орып, бәрін де етер,
Қымызды шара-шара сапыр, інім.
Етпенен қымыз беріп сөйлеп көрсең,
Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім,
Ақылың Аплатондай болса-дағы,
Қымыз бен еті жоқ құр татыр, білім
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ахмет байтұрсынұлы Ақын ініме өлең ахмет байтурсынов олен, ахмет байтұрсынұлы өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском, ахмет байтурсынов олендери, Ақын ініме

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]