Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жырлар жазам)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жырлар жазам)

Жырлар жазам,
Алайда ол кімге керек?!
Жанға шипа іздеймін, тілге дерек.
Мәжнүн болып барамын күннен-күнге,
Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Жырлар жазам,
Білмеймін не берерін,
Көгерерін білмеймін, тек өлерін.
Күйінішін халқымның, сүйінішін,
Өз үнімен жырласам деген едім.
Кімге дәрі бар сыры қара бастың
Өзім ғана өзіммен жағаластым.
Қапелімде ой айдап,қиял қуып,
Барса келмес сапарға араластым.
Барса келмес сапарға араластым,
Енді артыма бұрылып қарамаспын.
Жырлар жазам, дерімді деп өлемін,
Қарсы алдында тұрсам да дар ағаштың
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Жырлар жазам өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жырлар жазам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]