Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көз жасы)
Көз жасы!
Көз жасы!
Көз жасы!
Түнек түнде көз жасы,
жалғыздықта көз жасы,
Тамшыдан соң тамшы кеп, жағалауға тамады,
құм қылғытып алады.
Жұлдыз да жоқ,
жоқ пенде,
түнек,
көздің жасы ағады,
Қара перде жамылған беттен жылжып барады.
О, неткен бұл әруей?
Түнек түнде жылаған?
Құмға барып,
Ұсқынсыз не үйінді құлаған?
Азап пенен өксіктен —
бұлақ ағып, мұң шыққан,
Зар еңіреп тағы үнмен
талықсыған, тұншыққан.
Көлбей жатқан жағада,
дауыл жатты көлбеген,
Түнгі дауыл сұрқай бір еш ырыққа көнбеген.
Жаймен басып жарықта
жап-жақсы едің, ей, елес,
Моп-момақан жүзің де ешкімдерден кем емес.
Алмағайып табаның түнде тайып қалғанда,
Алай-түлей мұхитың ақтарылды арнаңнан,
Ағыл-тегіл көз жасы! Ағыл-тегіл көз жасы!
Көз жасы!
Көз жасы!
Түнек түнде көз жасы,
жалғыздықта көз жасы,
Тамшыдан соң тамшы кеп, жағалауға тамады,
құм қылғытып алады.
Жұлдыз да жоқ,
жоқ пенде,
түнек,
көздің жасы ағады,
Қара перде жамылған беттен жылжып барады.
О, неткен бұл әруей?
Түнек түнде жылаған?
Құмға барып,
Ұсқынсыз не үйінді құлаған?
Азап пенен өксіктен —
бұлақ ағып, мұң шыққан,
Зар еңіреп тағы үнмен
талықсыған, тұншыққан.
Көлбей жатқан жағада,
дауыл жатты көлбеген,
Түнгі дауыл сұрқай бір еш ырыққа көнбеген.
Жаймен басып жарықта
жап-жақсы едің, ей, елес,
Моп-момақан жүзің де ешкімдерден кем емес.
Алмағайып табаның түнде тайып қалғанда,
Алай-түлей мұхитың ақтарылды арнаңнан,
Ағыл-тегіл көз жасы! Ағыл-тегіл көз жасы!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: