Өлең: Мұқағали Мақатаев (Уайымдап ойға шомып)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Уайымдап ойға шомып)

Уайымдап, ойға шомып, отырмын мен шерменде,
Уайымдар жандар бар деп,
тағы басқа елдерде.
Германия,
Италия,
Испания,
Франция
сормаңдай,
Жабырқаған жандар келіп,
жанарыма толғандай.
Қытай,
Ресей,
Жапония
және-және алыста,
Тілі бөлек пақырлармен,
шіркін, бір күн табыссам,
Жерлесімнен кем көрмей-ақ, құшар еді жүрегім,
Бауыр болып барлығы да
кететіндей білемін.
Мен де сонда,
соларменен бақытты боп жүремін
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Уайымдап ойға шомып өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Уайымдап ойға шомып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]