Өлең: Мұқағали Мақатаев (Емен көрдім)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Емен көрдім)

Луизианда емен көрдім,
Бұтағынан мүк салбырап,
далада тур серіксіз,
Күңіренткен жапырағы сылдырайды еріксіз.
Майсыпайтын бұп-бұжыр, қайсар менен аумайды,
Уа, ғажап!
Жапа-жалғыз қалай өмірін жалғайды?!
Тіпті алаңсыз, жапырағына
жан береді, қаулайды,
Орнында оның болсам егер,
менде төзім қалмайды.
Бір бұтағын сындырдым да,
мүкке орап әкелдім,
Әкелдім де іліп қойдым, дәл төріне пәтердің.
Құрметті достарымды еске салсын демедім,
(Бұл күндері ешкімді де
ойыма алмай келемін).
Мен үшін ол естен шықпас,
нышан болып кетпекші,
Достық жайлы ойлануға
мені мәжбүр етпекші.
Луизианда, кең далада,
сыңар емен жайнасын,
Сыбырласып жапырағымен,
өмір бойы ойнасын.
Тек тәңірім мені соның
орнына әкеп қоймасын
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Емен көрдім өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Емен көрдім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]