Өлең: Мұқағали Мақатаев (Демократия сен үшін)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Демократия сен үшін)

Көресіңдер,
бөлінбейтін етемін мен құрлықты,
Бәрін жинап,
бұрын болып көрмеген
жасаймын халық бір мықты.
Керемет бір ел жасаймын,
арасынан қыл өтпес,
Ықыласынан тудырам
жолдастардың жүректес,
Мәңгілік махаббатынан тудырам,
жалғыз тілектес.
Ормандайын қаптатып, достық одақ егемін,
Жабады ол өзен-көлдерді,
Американың көлемін.
Қалаларды бөлуге көнбейтіндей етемін,
Тас түйін боп өзара құшақтасып кетеді.
Біріккен ниеттестердің
ықыластары ерлік мекені.
Зайыбым Демократия!
Осыны саған арнадым.
Қызметіңе әзірмін,
осы бір жырды ал, жаным
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Демократия сен үшін өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Демократия сен үшін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]