Өлең: Мұқағали Мақатаев (Адам ата сияқтанып)
Адам ата сияқтанып,
ертеңгі алаң-елеңмен,
Ағаштардың аясында
сеп-сергек боп келем мен.
Даусымды есті, жақын кел,
үңіл маған, ұстап көр,
Мамықтайын алақанмен сипай бергін,
көнем мен.
Жанай өтсем, шошыма сен,
жамылғысыз денемнен
ертеңгі алаң-елеңмен,
Ағаштардың аясында
сеп-сергек боп келем мен.
Даусымды есті, жақын кел,
үңіл маған, ұстап көр,
Мамықтайын алақанмен сипай бергін,
көнем мен.
Жанай өтсем, шошыма сен,
жамылғысыз денемнен
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: