Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағатым қайда сағатым)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағатым қайда сағатым)

Қалған ба тағы таң атып?!
Жайған ба жасыл қанатын?!
...Таусылмас менің тағатым
Соқ, соқ, соқ, менің сағатым!
Келген бе тағы күн шығып?!
Күн шығып,
Жерге құлшынып,
Енген бе тағы тіршілік?!
Армысың, асау тіршілік!
Тұрмысқа қажет табатын,
Беретін және алатын,
Мезгіл де болып қалған ба,
Алатын жерге баратын?!
Таусылмас менің тағатым
Соға бер,
Соқ, соқ, сағатым!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Сағатым қайда сағатым өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сағатым қайда сағатым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]