Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мықтымын ғой дегенмен...)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мықтымын ғой дегенмен...)

Мықтымын ғой дегенмен
Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен.
Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен,
Терезеге төнем де Алатауды көрем мен -
Басы қарға бөленген.
Бауыры көкке кенелген - Алатауды көрем мен.
(Қорғасындай бір салмақ арылмайды денемнен)
Мықтымын ғой тегінде!
Қорқытарың өлім бе, оранарым кебін бе?!
Түкірдім мен оларға!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ана тұрған көгінде - жұлдызың бар сенің де,
Басын иген өлімге, түкірдім мен өмірге!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ей, жүрегім, жеңілме.
...Мен несіне жерінем?!
Қорқатыным өлім бе?!
Қорықпай-ақ берілем
Өкінішті...
Амал не...
Өлмейтіндей келіп ем...
Мына жарық дүнием бірге туған менімен
Бірге өледі менімен!!!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Мықтымын ғой дегенмен... өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Мықтымын ғой дегенмен...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]