Өлең: Мұқағали Мақатаев (Менің кішкентай күнім)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Менің кішкентай күнім)

Көтеріп сені батырып,көтеріп сені шығарам,
Кішкентай күнім,сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман.
Кішкентай күнім,сені мен арқалап жүріп айығам,
Табанға кірген шегеден,миына қаққан сынадан.
Қондырам-дағы ұяңа,отырам өзім күзетіп,
Әлдекімдерден қызғанып,әлсіреп жүрек дыз етіп;
Керімсал түннің кей-кейде кетеді маған сызы өтіп,
Отыра берем сонда да өмірдің кілтін түзетіп.
Қара аспанымнан, кей-кейде қара нөсерлер боратса,
Самалдатқаным мен сені,қапырық болып баратса.
Кішкентай күнім,кеш мені,барлығы-дағы сен үшін,
Иілмес емендерге мен, иілсем кейде садақша?
Бата ғой, күнім, дөңгелеп,шыға ғой, күнім дөңгелеп
Тірліксіз болмау үшін де,титімдей күнім,сен керек!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Менің кішкентай күнім өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Менің кішкентай күнім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]