Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрегім менің - жанартау)
Жүрегім менің - жанартау,
Жалын боп шығар от-демім.
Келем деп қамсыз, самарқау,
Өртеніп, қалқам, кетпегін.
Жолама маған жуықтап,
Маңымнан, қалқам, жүр аулақ.
Өтірік қана суып қап,
Алыстан сені тұр арбап.
Момақан болып жатқанда,
Ойлама оны сөнді деп.
Көмейден жалын атқанда,
Көнбейді мынау өр жүрек.
Атқылап жалын тұрғанда,
Құдайыңа да көнбейді.
Аяғын аттап бұл маңда,
Сондықтан ешкім келмейді.
Жүрегім менің - жанартау,
Жанбаған шақта кел, мейлі!
Жанартау қазір самарқау,
Самарқау, бірақ сөнбейді
Жалын боп шығар от-демім.
Келем деп қамсыз, самарқау,
Өртеніп, қалқам, кетпегін.
Жолама маған жуықтап,
Маңымнан, қалқам, жүр аулақ.
Өтірік қана суып қап,
Алыстан сені тұр арбап.
Момақан болып жатқанда,
Ойлама оны сөнді деп.
Көмейден жалын атқанда,
Көнбейді мынау өр жүрек.
Атқылап жалын тұрғанда,
Құдайыңа да көнбейді.
Аяғын аттап бұл маңда,
Сондықтан ешкім келмейді.
Жүрегім менің - жанартау,
Жанбаған шақта кел, мейлі!
Жанартау қазір самарқау,
Самарқау, бірақ сөнбейді
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: