Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен шақырсаң мен бармай)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен шақырсаң мен бармай)

Сен шақырсаң, мен бармай,
Мен шақырсам, сен келмей,
Төбелескен жандардай,
Ерегескен елдердей,
He көрінді біздерге?
Heгe бұлай, апыр-ау!?
Бірін-бірі іздеуде,
Біздің көңіл, батыр-ау!
Мейлі жүрек жыласын,
Тереңдесін батқан мұң.
Алауыздық сынасын,
Арамызға қаққан кім?
Ренжіттің мені сен,
Ренжіттім мен сені.
Өмірімнің өрісі ең,
Өзімнен де еңселі.
Пай, пай!
Неткен уайым!
Бұлдыраған сағымдай.
Көңіліміздің лайын,
Құрғатар жан табылғай
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Сен шақырсаң мен бармай өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сен шақырсаң мен бармай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]