Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өледі кімдер туады кімдер)
![Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өледі кімдер туады кімдер)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2019-05/1558335686_d09cd0b0d0bad0b0d182d0b0d0b5d0b2-d09c-412x400.jpg)
Өледі кімдер, туады кімдер,
Батады күндер, шығады күндер.
Семеді гүлдер, өседі гүлдер,
Келеді күндер, көшеді күндер.
Өмірде қымбат асылдар - күндер,
Өмірде қилы ғасырлар - күндер.
Өмірге керек бақыттар - күндер,
Өткізген сәтті уақыттар - күндер.
Өмірдің мәңгі қосағы - күндер.
Өмірді мәңгі тосады - күндер.
Күндер...
Күндер...
Батады күндер, шығады күндер.
Семеді гүлдер, өседі гүлдер,
Келеді күндер, көшеді күндер.
Өмірде қымбат асылдар - күндер,
Өмірде қилы ғасырлар - күндер.
Өмірге керек бақыттар - күндер,
Өткізген сәтті уақыттар - күндер.
Өмірдің мәңгі қосағы - күндер.
Өмірді мәңгі тосады - күндер.
Күндер...
Күндер...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: