Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен үшін)
Біреулермен жалғастырып жең ұшын,
Жасап жүрсем жаным сүймес келісім,
Барлығы да
Поэзия, сен үшін
Сырласым-ау,
Сырымды ұқсын кім менің,
Кімге керек мұңайғаным, күлгенім?
Барады етіп,
Барады өтіп күндерім...
Ай-жылымды алып қашып ілгері
Жырым-сырым,
Мен сенімен біргемін.
Мәзір етіп мәпелегеи жемісін,
Мәуелесе баққа толып өрісім,
Барлығы да,
Поэзия, сен үшін!
Күйінішін, сүйінішін тең бөлген,
О, Бақытым!
Мына өмірде мен көрген!
О, Тағдырым!
Сырласайық кел бермен!
О Қуатым!
Құлағанда дем берген!
Жасап жүрсем жаным сүймес келісім,
Барлығы да
Поэзия, сен үшін
Сырласым-ау,
Сырымды ұқсын кім менің,
Кімге керек мұңайғаным, күлгенім?
Барады етіп,
Барады өтіп күндерім...
Ай-жылымды алып қашып ілгері
Жырым-сырым,
Мен сенімен біргемін.
Мәзір етіп мәпелегеи жемісін,
Мәуелесе баққа толып өрісім,
Барлығы да,
Поэзия, сен үшін!
Күйінішін, сүйінішін тең бөлген,
О, Бақытым!
Мына өмірде мен көрген!
О, Тағдырым!
Сырласайық кел бермен!
О Қуатым!
Құлағанда дем берген!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: