Өлең: Мұқағали Мақатаев (Үміт)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Үміт)

Түнек түннің ішінде,
Көз ұшында алыстан,
Әлде ой, әлде түсімде,
Тек бір сәуле танысқан.
Ол сәулеге ұзақ қарап,
Қимадым тастап кетуге.
Алып ұшып жігер-талап,
Ұмтылдым мен де жетуге.
Ұстатар емес ол сәуле,
Келемін қуып, жетпедім.
Болмаса игі босқа әуре,
Талпына жігер еткенім.
Ол сәуле - үміт шырағы,
Талайлар қуып жығылған.
Жай тауып қалай тұрады,
Ұштаспай оған шыбын жан
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Үміт өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Үміт

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]