Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ұят болды-ау)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ұят болды-ау)

Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау,қауымнан!
Ұят болды-ау,
Ұят болды-ау,
Ұят болды-ау, бауырлар!
Момын жұрттың, арқа сүйер,
Азаматы біз едік.
Тұлпарлардан, тұғырлардан,
Қалған бір-бір із едік.
Біз де кеттік,
Басқа жаққа бетімізді түзедік.
...Естимісің, құлақ түрші,
Қырдан ескен самалға.
Сәлем айтып жатыр ауыл,
Саған, оған, маған да.
Телеграф сымы тұрған сүйеніп ап бағанға.
Көремісің,
Заңғар таулар жаулықтарын бұлғайды,
Шақырады Ақбас шалдар,
Сыбызғы етіп қурайды.
Еске салып, қайтқан құстар
Елдің жырын жырлайды.
Күте-күте,
Көзі талып,
Күн сарғайып батқандай,
Күте-күте,
Жұлдыздардың жанары да аққандай,
Зират екеш зираттар да,
Бізді жоқтап жатқандай...
Момын елдің,
Арқа сүйер,
Азаматы біз едік,
Жеке-жеке бақыт іздеп,
Жеке өмір түзедік,
Жетер енді!..
Туған жердің топырағына тізе бүк!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Ұят болды-ау өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Ұят болды-ау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]