Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сені азамат дегенге...)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сені азамат дегенге...)

Сені де адам дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
Ойнақ салдың төбемде,
Көнбейін бе, көнем бе?!
Сендей сұмдық адамға,
Нанбайын ба, нанам ба?!
He тұр екен санаңда,
Жақсы ма, әлде жаман ба?!
Адал ма, әлде арам ба?!
Айласы көп арамға,
Босқа алданып қалам ба?!
Түсінбеймін мен саған,
Түсіне алмай шаршағам.
Күліп барып алдыңа,
Жылап шықты қанша адам.
Сені азамат дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
...Есінді жи, елерме!
Арамдықты денеңде,
Айдалаға көгенде.
Сазарма да көгерме,
Сенсін десең егерде
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Сені азамат дегенге... өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сені азамат дегенге...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]