Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көрмеймін...)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көрмеймін...)

- Көрмеймін! - дейсің,
Көрмесең, мейлің, көрмегін!
Көретін көктен тәңірім емес сен менің.
Көрмедің,
мейлің,
көңлінді маған бөлмегін,
Мен-дағы қарап өлмедім,
Түсіңнен, бәлем, шошытар,
Мендегі леп, мендегі үн.
Сезіне тұра,келмейді-ау, сірә, білмегің...
Білмегін, мейлің, білмегін!
Сезеді мені сенсіз де,
мазасыз өткен күндерім,
ұйқысыз өткен түндерім.
Уақыттармен біргемін.
Көрмесең, көрме,
Білмесең білме,
Шырағым менің сөнбейді,
Шыдамын таусып сендейдің,
Мазасыз жаным,маған бір тыным бермейді,
Дариға-жүрек жоқ нәрселерге шөлдейді.
Көрмесең мейлің,көзіңе сенің ұрынбан.
Ұрынбан, бірақ бұғынбан!
Есіңде болсын!
Құлагері де Серінің
Сөреге жетпей жығылған
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Көрмеймін... өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Көрмеймін...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]