Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!)

Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт!
Жүруші ең кейбір жерде ойран салып,
Жүруші ең кейбір жерде сайран салып,
Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!
Секектеп желетін де сен емес ең,
Тепектеп келетін де сен емес ең,
Ақ бұлт пен қара бұлттың арасында,
Алапат айқұш-ұйқыш төбелес ең!
Сен солай болмағанда елемес ем,
Сені мен найзағайға теңемес ем.
Шау тартып барасың-ау, шарық-құсым,
Тояттап әлде жемге қарықпысың?
Бар, ұшшы!
Босатайын тұғырыңнан,
Шау тартпа!
Шынымен сен шабытпысың!?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт! өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]