Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!)
![Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2019-05/1558265057_muzmo_ru_mukagali_makataev_mahabbat_dialogi_muzmo_ru.jpg)
Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт!
Жүруші ең кейбір жерде ойран салып,
Жүруші ең кейбір жерде сайран салып,
Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!
Секектеп желетін де сен емес ең,
Тепектеп келетін де сен емес ең,
Ақ бұлт пен қара бұлттың арасында,
Алапат айқұш-ұйқыш төбелес ең!
Сен солай болмағанда елемес ем,
Сені мен найзағайға теңемес ем.
Шау тартып барасың-ау, шарық-құсым,
Тояттап әлде жемге қарықпысың?
Бар, ұшшы!
Босатайын тұғырыңнан,
Шау тартпа!
Шынымен сен шабытпысың!?
Жүруші ең кейбір жерде ойран салып,
Жүруші ең кейбір жерде сайран салып,
Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!
Секектеп желетін де сен емес ең,
Тепектеп келетін де сен емес ең,
Ақ бұлт пен қара бұлттың арасында,
Алапат айқұш-ұйқыш төбелес ең!
Сен солай болмағанда елемес ем,
Сені мен найзағайға теңемес ем.
Шау тартып барасың-ау, шарық-құсым,
Тояттап әлде жемге қарықпысың?
Бар, ұшшы!
Босатайын тұғырыңнан,
Шау тартпа!
Шынымен сен шабытпысың!?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: