Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыздарға)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыздарға)

Қыздарды көрсем, бір түрлі
Өзімнен-өзім мұңданам.
Тиям да бейқам күлкімді,
Өзімнен-өзім сыр бағам.
Қымбат-ау,қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
He болар екен тағдыры?!
Үйіріліп соқса бір құйын.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім!
Тоң тұрып жерге, күз келсе
He болар екен күндерің?!
Түрткілеп күдік жанымды,
Кетеді жүрек дыз етіп...
Әзірге жасыл бағымды,
Отырмын, міне күзетіп
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Қыздарға өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қыздарға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]