Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым..)
Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым
Ұстай алмадым,
Өткізіп қойып уақытын.
Сансырап, шаршап жүргенде,
Біреу тап келіп,
Қақты да кетті,
Айылы мықты, аты тың.
Тұратын еді,
Қол созым жерде, қарға адым
Қамсыздығымнан, қайтейін,
Ұстай алмадым.
Ғанибет етіп, тірлікке мына алданып.
Өлген жоқ бірақ,
Бақытқа деген арманым.
Ырзамын өзім тіршілік етіп жүргенге
Кімдерге жақпай.
Аяулы болып кімдерге
Бақыт дегенің - өмір кешу ғой білгенге,
Келуі де оңай,
Кетуі де оңай бір демде
Ұстай алмадым,
Өткізіп қойып уақытын.
Сансырап, шаршап жүргенде,
Біреу тап келіп,
Қақты да кетті,
Айылы мықты, аты тың.
Тұратын еді,
Қол созым жерде, қарға адым
Қамсыздығымнан, қайтейін,
Ұстай алмадым.
Ғанибет етіп, тірлікке мына алданып.
Өлген жоқ бірақ,
Бақытқа деген арманым.
Ырзамын өзім тіршілік етіп жүргенге
Кімдерге жақпай.
Аяулы болып кімдерге
Бақыт дегенің - өмір кешу ғой білгенге,
Келуі де оңай,
Кетуі де оңай бір демде
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ризамын)
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бақытым менің алыста)
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен бе едің?)
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Асығып алыс күндерге)
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында)

Іздеп көріңіз: