Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жазғырма мені жан-аға)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жазғырма мені жан-аға)

Жазғырма мені, жан-аға,
Жаманға мені балама.
Жалғыз түп емен көріп пе ең,
Жабырқап тұрған далада?
Емен деп мені бағала.
Еменде жапырақ-жүректер,
Үй етсе самал дір еткен.
Осынау елсіз жапанға,
Жападан-жалғыз кім еккен?
Далада дауыл болғанда,
Сая жоқ жанын қорғауға.
Ұшайын десе қанат жоқ,
Қорғанға - алыс орманға.
Жазғырма мені, жаи-аға,
Жаманға мүлде балама.
Бұлаққа барсаң, жалғыз түп,
Талшыбық тұрар жағада.
Шыбық деп мені бағала.
Кеткенше қиып әлдекім.
Емен де, мейлің, тал дегін.
Әзірге менің бар демім,
Осындай, аға, халдемін
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Жазғырма мені жан-аға өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жазғырма мені жан-аға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]