Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ауырмай жаным қиналды!)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ауырмай жаным қиналды!)

Ауырмай жаным қиналды,
Ауытқып жүрек орнынан.
Уайым қоршап мені алды,
Жігерім жасып болды нан.
Болса да жүйрік ой ұшқыр,
Өзіме өзім жақпадым.
Өміріме жол нұсқар,
Ақылшы адам таппадым!
Бақытты тіршілік өмірге,
Басылмас менің құмарым!
Алысқан көп ой көңілде,
Кім біледі немен тынарын,
Жүректе - сәуле, ойда - шам,
Жарығы шықпай ішімнен.
Ауырмай жаным қиналам,
Жадына сақтар түсінген.

(ІІ - НҰСҚА)

Ауырмай жаным қиналды,
Ауытқып жүрек орнынан.
Уайым қоршап мені алды,
Жігерім жасып болды нан.
Бақытсыз сорлы болдым да,
Өмірдің кештім батпағын.
- Адаспа, қалқам, жол мұнда,
Деп айтар адам таппадым.
Жүректе - сәуле, ойда - шам,
Шықпады іштен жарығы.
Ауырмай жаным қиналам,
Көңілдің өртеп жалыны
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Ауырмай жаным қиналды! өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Ауырмай жаным қиналды!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]