Өлең: Мұқағали Мақатаев (Бұл қалай?!)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Бұл қалай?!)

Ұдайы болды екі түн
Төсекте тыныш жатпаймын.
Әлекке салып әлдекім,
Мұжылып біткен заттаймын.
Ілінсе кезім ұйқыға,
Келеді жетіп бөгде жан
Үңіліп қарап сыйқыңа,
"Кім екен?" - деп таңданам.
Қарасам байқап жуықтап,
Жүректің сөнген жұлдызы.
Жарымнан мені суытпақ,
Көрініп бей не қырмызы.
Құлшына бірақ құшақ жайып,
Түсінгің жүрек семгенін!
Сәулең сөніп, нұрын тайып,
Бұл қалай енді келгенің?!

(ІІ - НҰСҚА)

Ұдайы болды екі түн,
Төсекте тыныш жатпаймын.
Әлекке салып әлдекім,
Мүжіліп біткен заттаймын.
Ілінсе көзім ұйқыға,
Келеді жетіп бөгде жан.
Үңіліп қарап сыйқыңа,
Кім екен деп таңданам!
Қарасам байқап жуықтап,
Жүректің сөнген жұлдызы.
Сүйгенімнен суытпақ,
Көрініп бейне қырмызы.
Қаралы көңілім көмірден,
Махаббат өлген сен үшін,
Болғанда ұмыт көңілден,
Бұл қалай енді келісің?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Бұл қалай?! өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Бұл қалай?!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]