Өлең: Мұқағали Мақатаев (Досыма!)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Досыма!)

Қамығып көңіл сарғайды,
Аласұра бір жүрек.
Өмір әлде алдайды,
Көз жетпейді, кім біледі..
Сонау бір бала шағымда,
Қол ұстасып өскен ем.
Өмірдің рахат таңын да,
Сенімен бірге кешкен ем.
Сұрапыл соғыс бірақта,
Амалсыздан айырды.
Ауыр жағдай шыдатпай,
Дос жүрегін қайырды.
Соғыс бітті.
Жаңарды өмір,
Жүректің кірі жуылды.
Алып-ұшып достық көңіл,
Табысар күн туылды.
Қайда менің тату досым,
Көріселік, бермен келші!
Ізгі достық сыры болсын,
Арманыңды айта берші!..
Келші, досым, келші бермен!
Еске түссін балалық!
Асыр салып жүрген жермен,
Адасқан күнді табалық.
Әлденеге жабығамын,
Адасқан достық сырын айтып.
Ойымнан неге жаңыламын,
Өткен өмір келмес қайтып.
Суысқалы достық жүрек,
Талай жылдар болды міне.
Ұшқанша ол қайта түлеп,
Күні шығар жаңа дүние
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Досыма! өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Досыма!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]